125 International School – заманауи білім беру қағидаттарына негізделген, оқушыларды халықаралық стандарттар бойынша оқытатын жеке мектеп. Командамызға нәтижеге бағытталған, белсенді әрі коммуникациясы мықты PR менеджер / Сату маманын іздейміз.
Міндеттері:
- Мектепке жаңа оқушылар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізу;
- Келіп түскен қоңырауларға, WhatsApp және әлеуметтік желілердегі өтініштерге жедел жауап беру;
- Ата-аналарға мектеп бағдарламалары бойынша толық консультация өткізу;
- Келіссөз жүргізіп, оқуға жазылуға дейін сүйемелдеу;
- Ашық есік күндерін, таныстыру кездесулерін және қабылдау іс-шараларын ұйымдастыру;
- Мектептің серіктестік желісін дамыту (балабақшалар, дамыту орталықтары, ұйымдар);
- PR және маркетингтік іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;
- Блогерлермен, БАҚ-пен және серіктестермен байланыс орнату;
- Ата-аналардың пікірлері мен ұсыныстарын жинақтап, мектеп имиджін нығайту;
- Клиенттік базаны (CRM) жүргізу және өтінімдердің нәтижесін бақылау;
- Айлық жоспар бойынша оқушы қабылдау көрсеткіштерін орындау;
- Командамен бірге жаңа маркетингтік идеялар ұсынып, оларды іске асыру.
Үміткерге қойылатын талаптар:
- Жоғары немесе арнаулы орта білім;
- Сату, клиенттермен жұмыс, қабылдау бөлімі немесе PR саласында кемінде 3 жыл тәжірибе;
- Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеруі (ағылшын тілі құпталады);
- Коммуникациясы жоғары, адамдармен тез тіл табыса білуі;
- Сенімді сөйлей білу және презентация жасау қабілеті;
- Нәтижеге бағытталған, жауапкершілігі жоғары болуы;
- CRM жүйелерімен және Microsoft Office бағдарламаларымен жұмыс істей білуі;
- Жоспармен жұмыс істеп, KPI орындауға дайын болуы.