Адаптируем резюме под ATS-фильтры, подготовим сопроводительное на основе резюме и вакансии, соберём гайд подготовки к собеседованию, найдём контакты HR и нанимающих
SMM-менеджер
ONEKI-нарықтағы қазақ тілді кеңсе тауарларын шығаратын ТОП компания.
Oneki командасына SMM бағытын толықтай жүргізетін маман іздейміз.
Егер әлеуметтік желілерді жүргізуді жақсы білсеңіз, контент ойлап тауып, аудиториямен жұмыс істеуге қызықсаңыз — біз сізді командамызда күтеміз.
Міндеттері:
Oneki компаниясының әлеуметтік желілерін толық жүргізу;
Instagram, TikTok және басқа да digital-арналарға контент әзірлеу;
Контент-жоспар құру және оны орындау ;
Фото/видео контентке идеялар ұсыну және түсірілімдерді ұйымдастыру;
Reels, Stories және басқа форматтарға арналған контент жасау;
Аудиториямен тұрақты коммуникация жүргізу;
Әлеуметтік желілердің статистикасын талдау;
Контенттің нәтижелілігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу;
Компанияның әлеуметтік желідегі имиджі мен визуалды стилін дамыту.
Біз іздейтін маман:
SMM саласында тәжірибесі бар;
Instagram және TikTok платформаларын жақсы түсінеді;
Контентті өз бетінше жоспарлап, ұйымдастыра алады;
Креативті ойлайтын;
Трендтерді бақылап, оларды брендке бейімдей алатын;
Фото/видео түсірілім және монтаждың базалық дағдылары бар;
Жауапкершілігі жоғары және нәтижеге бағытталған;
Командамен жұмыс істей алады.
Біз ұсынамыз:
Толық жұмыс күні;
5/2 жұмыс графигі;
Тұрақты жұмыс орны;
Кәсіби және креативті команда;
Өз идеяларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік;
Компанияның әлеуметтік желілерін дамытуға тікелей ықпал ету мүмкіндігі.
Жұмыс форматы: толық штат
График: 5/2
Локация: Бөкейханова 508
Егер сіз SMM-ді жай ғана пост жариялау емес, брендті дамыту құралы деп қарасаңыз — біз сіздің резюмеңізді күтеміз!