Performance Manager
Daryn Online — Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінде жұмыс істейтін халықаралық деңгейдегі №1 онлайн білім беру платформасы.
Біз командаға сандармен, аналитикамен және жарнамамен жұмыс істеуге қызығатын Performance Manager іздейміз!
Егер сен маркетинг саласында дамығың келсе, кестелермен жұмыс істеуді ұнатсаң және жарнамалық науқандардың қалай жұмыс істейтінін үйренуге дайын болсаң — бұл вакансия саған арналған.
Жұмыс тәжірибесі міндетті емес. Біз жұмыс процесін үйретіп, тәжірибелі маманнан білім алуға мүмкіндік береміз.
жарнамалық науқандардың нәтижелерін күнделікті бақылау;
жарнама шығыны, өтінім саны, CPL, CTR, ROMI және конверсия көрсеткіштерін кестеге енгізу;
апталық және айлық есептерді дайындау;
Meta Ads, TikTok Ads, Google Sheets және amoCRM жүйелерінен мәліметтер жинау;
жарнамадан түскен өтінімдердің CRM жүйесіне дұрыс өтуін тексеру;
қате нөмірлерді, қайталанған және сапасыз өтінімдерді анықтау;
сату бөлімінен өтінімдердің сапасы бойынша кері байланыс жинау;
Performance-маркетологтың күнделікті тапсырмаларын орындау;
түсірілім процесін ұйымдастыру: студия жалдау, актерлермен келісу және басқа да ұйымдастырушылық жұмыстар.
Performance-маркетинг пен аналитиканы үйренуге қызығушылық;
Google Sheets немесе Microsoft Excel бағдарламаларын базалық деңгейде білу;
сандармен, кестелермен және үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істей алу;
ұқыптылық және қателерді байқай білу;
тапсырмаларды уақытында орындау;
жауапкершілік және жаңа ақпаратты тез меңгеру;
қазақ тілін білу;
маркетинг саласында жоғары білімінің болуы немесе 3–4 курс студенті болу;
толық жұмыс күніне дайын болу.
Meta Ads немесе TikTok Ads туралы базалық түсінік;
CPL, CTR, CPC, ROMI және конверсия көрсеткіштерін білу;
amoCRM жүйесімен таныс болу;
жасанды интеллект құралдарын қолдана білу;
аналитика, маркетинг немесе жарнама бағытында оқу жобаларының болуы.
Excel және Google Sheets;
Google Docs және Microsoft Word;
CRM жүйелерімен жұмыс;
деректерді талдау;
маркетинг;
командалық жұмыс;
Figma бағдарламасы туралы базалық түсінік;
қазақ тілі.
айлық жалақы: 200 000 ₸;
жұмыс кестесі: 5/2;
жұмыс уақыты: 10:30–19:30;
толық жұмыс күні;
Performance-маркетинг саласында тәжірибе жинау мүмкіндігі;
тәжірибелі маманнан тікелей үйрену;
нақты жарнамалық жобалармен жұмыс істеу;
аналитика және жарнама кабинеттерін жүргізуді үйрену;
болашақта Junior Performance-маркетолог позициясына өсу мүмкіндігі;
жас әрі белсенді команда;
халықаралық білім беру компаниясында кәсіби даму мүмкіндігі.
маркетинг саласында мансап бастағыңыз келсе;
сандар мен аналитикадан қорықпасаңыз;
кестелермен жұмыс істегенді ұнатсаңыз;
ұқыпты әрі жауапты болсаңыз;
жаңа құралдар мен бағдарламаларды тез меңгерсеңіз;
нақты жобалар арқылы тәжірибе жинағыңыз келсе.
Тәжірибеңіз болмаса да, өтінім қалдырудан қорықпаңыз. Біз үшін ең маңыздысы — үйренуге деген қызығушылық, жауапкершілік және дамуға деген ниет.
Будьте осторожны: если работодатель просит войти через Google, iCloud или Госуслуги, прислать код или пароль, запустить ПО или перевести деньги — это мошенники.
ЖмитеГайд по безопасности